Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз — Ұлттық спорт күні деп жарияланған.

Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз — Ұлттық спорт күні деп жарияланған. Осы айтулы мерекеге орай біздің колледжде нағыз батырлар додасы өтті! 🦅

Студенттеріміз спорттың үш түрінен бақ сынасты:
💪 Қол күресі (Армрестлинг) — білек күшін көрсеткендердің тартысы.
🏋️ Гір тасын көтеру — төзімділік пен қуаттың сыны.
🐑 Қой көтеру — нағыз қазақ жігіттеріне тән дәстүрлі жарыс.

Жарыс өте тартысты өтті, ал жанкүйерлердің қолдауы ерекше энергия сыйлады! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Бойымыздағы ұлттық рух ешқашан сөнбесін!