Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Сарыкөл коледжінде студент-бірінші курс оқушылары үшін «Заң мен тәртіп» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.

Сарыкөл коледжінде студент-бірінші курс оқушылары үшін «Заң мен тәртіп» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті. Шараны жергілікті полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Мұнар Амангелдіұлы Шайкин жүргізді.

Кездесудің басты тақырыптары қазіргі цифрлық және әлеуметтік ортадағы негізгі қауіп-қатерлер болды: дропперлік, интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы, сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар тарату.

Полиция подполковнигі оқушыларға қылмыскерлердің жастарды заңсыз әрекеттерге тарту үшін қандай схемаларды қолданатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, заң алдындағы жауапкершілікті еске салды.