Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Сарыкөл колледжінде студенттерге арналған, нашақорлыққа қарсы күреске бағытталған маңызды ақпараттық-профилактикалық іс-шара өтті.

Сарыкөл колледжінде студенттерге арналған, нашақорлыққа қарсы күреске бағытталған маңызды ақпараттық-профилактикалық іс-шара өтті. Кездесуді «Қостанайдың жас көшбасшылары» қоғамдық бірлестігінің клиникалық психологы әрі жоба маманы Татьяна Михайловна Бузулуцкая жүргізді. Шара Сарыкөл ауданының полиция бөлімінің тапсырысы бойынша «Психобелсенді заттарды, соның ішінде жаңа синтетикалық есірткілерді қолданудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты — жастардың есірткі заттарын қолданудың шынайы зияны мен қауіпті салдары туралы хабардарлығын арттыру болды. Ұйымдастырушылар мен спикер студенттерді қауіпсіз әрі салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға шақырып, өз денсаулығына, өмір сүру салтына және болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізуге тырысты.