Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Сарыкөл колледжінде «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акция өтті

Сарыкөл колледжінде «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акция өтті. Оған студенттер мен оқытушылар белсене қатысып, оқу орнының аумағын тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл іс-шара жастардың бойына еңбекқорлықты, қоршаған ортаға деген қамқорлықты және туған өлкеге деген жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Біріккен күштің арқасында аумақ толығымен қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Колледж айналасы көз тартарлықтай тазарып, әсем кейіпке енді.

Тазалық әрқайсымыздан басталады! Белсенділік танытып, қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық студенттер мен ұстаздарға алғыс айтамыз! 🌍💚