Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ұлттық ойындар — ұлт қазынасы!

Ұлттық ойындар — ұлт қазынасы! Біздің колледжде дәстүр мен салауатты өмір салтын ұштастырған жарқын спорттық-профилактикалық іс-шара өтті. Студенттер ұлттық дисциплиналар бойынша қызу сайысқа түсті: тоғызқұмалақта логикаларын дамытты, бес таста ептіліктерін сынады және таяқ тартыста күш-жігерін көрсетті. Мұндай шаралар денсаулықты нығайтып қана қоймай, мәдени мұрамызды қастерлеп сақтауға үлкен септігін тигізеді!