Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ұстаз жолы» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

Сарыкөл колледжінде ұлы ағартушы, педагог, қазақ даласындағы тұңғыш ұстаздардың бірі Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ұстаз жолы» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында студенттер ағартушының өмір жолымен, еңбектерімен және білім беруді дамытудағы тарихи рөлімен танысты. Қатысушылар оның нақыл сөздерін талқылап, қазіргі жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.
Шара рухани құндылықтарды, білімге құрмет пен ұстаз еңбегіне тағзымды насихаттауға бағытталды.
Ұстаз жолы — білім мен адамгершілікке бастар жол